"Валериан және мың ғаламшар шаһары/Валериан и город тысячи планет" фильмінің алдынала көрсетілімі HD
Алғашқы жабық көрсетілім Астана қаласында, Халықаралық Евразия кинофестивалінің шеңберінде, 28-ші шілде күні өткізілген болатын. «Евразия» - картинаның қатысқан бірінші кинофестиваль емес, 2016 жылы Люк Бессон көрермендер қол шапалақтаумен қарсы алған фильмнен үзінділерді Сан-Диегодағы Comic-Con халықаралық фестивалінде көрсетті. «Валерианның» бюджеті 180 млн. доллар құрап, жобаны тарихтағы ең қымбат европейлік фильм етті. «Валериан және Лорелин» фильмі француз комикстерінен негіз алған және 2700-ші жылы әртүрлі ғаламшарлардағы ғарыштың арнайы агенттері жұбының оқиғаларын көрсетеді. Валериан мен Лорелин тапсырма бойынша галактиканың барлық бұрыштарынан мыңдаған тіршілік иелері жиналатын Альфа деген ғажайып ғаламшарына аттанады. Алайда қарапайым операция күмәнді іске айналады, арнайы агенттер галактикааралық қастандықтың еріксіз қатысушылары болып қалады. Біреу Мың Ғаламшар Шаһарының билігін алып қойғысы келді, Валериан мен Лорелиннің миссиясы – Бүкіл әлемді келе жатқан қауіптен қорғау. Люк Бессон «Валериан және Лорелин» комикстері бойынша фильм түсіруді әрдайым армандаған. 20 жыл бұрын ол үзілді-кесілді шешті, бірақ сол кездегі техника ойындағысын жүзеге асыруға ерік бермеді. Фильмнің алғашқы сценарийін «Аватар» фильмін көргеннен кейін, лақтырып жіберді.