Ағылшын тілінде КІТАП ОҚУ. Speaking skill. HD

25.07.2019
Ағылшынша кітаптарды оқыған адамдардың посттарын қарап отырып, өзімше кітаптар тізімін жасайтынмын. ⠀ Әрбір АТ-і мұғаліміне (өзім жазылған ресейлік мұғалімдер) дайректке "Қандай кітап оқуға кеңес бересіз? Деңгейім Pre-Intermediate" деп жазғаным есімде. Бәрі де бір ауыздан ертегілерден бастауыма кеңес берді. Оқып көрдім. Қызық емес болып шықты. Қызығушылық сөнді. Бірақ ұзаққа емес. ⠀ Reading skill-ды дамыту жайлы бірнеше мақалаларды оқып, адаптацияланған кітаптардың бар екенін білдім. Іздедім, таппадым (дұрыс іздемеген болуым керек). Бірде ойда жоқта бір кісінің (ресейлік АТ мұғалімі) тегін таратылымына ілігіп қалдым. 22 кітап жіберді. Деңгейлерге бөлінген Бәрін де шығарып алдым! Бірін тастамай оқыдым. Бірінші рет маған бәрі түсінікті болды. Бірнеше кітапты, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ кітапты, басынан аяғына дейін оқыдым! Қуанышым қолдарыма қанат бітірді! ⠀ Басым істеп кетіп Вконтактеде АТ-де кітаптар бар парақшаны тауып алдым да... ГАРРИ ПОТТЕР-дің 3 кітабын жазып алдым. Мырзам шығарып берді. "Мұндай кітаптарды түсінесің ба?" деп қояды. Білмеймін дегендей иығымды көтердім. Бәрібір көргім келді. 4 күнде Гарри Поттер жайлы ТҮПНҰСҚА (адаптацияланған емес) кітапты оқып бітірдім. Өзіме өзім сенбедім. Иооооо! Әлі де таңқаламын. Мүмкін киносын алдын ала көргеннен болар, кітабы өте жеңіл болды. ⠀ Ал осы айда үш кітап аяқтадым. Үш роман. Ағылшынша. Әрбір сөйлемін сезініп, жыладым да, күлдім де, мұңайдым да, қуандым да. ⠀ Көріп тұрғандарыңыздай "АТ-дегі әдеби кітаптарды жеңіл, түсініп оқу" жолым 4 жылдан кем емес. ⠀ Ал видео сіздің іздену жолыңызды қысқартады деген үміттемін! Сілтемелер: 1. Деңгейіңізді анықтағыңыз келсе➡️ https://angloved.ru/test/opredelit-uroven-anglijskogo/ 2. Тегін онлайн кітапхана➡️ https://drive.google.com/open?id=1p1zXTjPraPmtoEC-_bsEtAnlFcBTBa_4 3. Менің Телеграм каналым➡️ https://t.me/joinchat/AAAAAFQVSySYmlQK2fny-Q 4. Ағылшын тілі блогым (Инстаграм)➡️ https://instagram.com/english_ulbike

Похожие видео

Показать еще