мультик
«Отпен ойнама, балақай!» мультфильмі жарыққа шықты Төтенше жағдайдың алдын алуда балалар арасында үгіт-насихат жұмысының маңызы зор. Оның ішінде көрнекі ақпараттар мен бейнероликтер көрсетудің пайдасы бар. Ал, кішкентай балаларға түрлі-түсті мультфильмдер қызықты болатын белгілі. Әлемдік киноиндустрияда мультфильмдердің алатын орны ерекше және осы мақсатта сапалы дүниелер жасауға жүздеген миллион доллар жұмсайды. Демек, мультфильмдер – балаларды қызықтырып уақытын өткізетін, танымдық тұрғыда жетілдіретін тәрбиелік көрнекі құрал. Мультфильм арқылы да қауіпсіздік қағидасын балаларға танытуға болады. Осы тұста Қызылорда облысының ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова кішкентай көрермендер үшін "Отпен ойнама, балақай!" мультфильмін тарту етті. Мультфильмнің оқиға желісі бойынша балалардың сіріңкемен ойнауының нәтижесінде өрт шығады. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтатады. Балаларға қауіпсіздік қағидалары жөнінде айтылады. Аталмыш мультфильмнің суретші-мультипликаторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова осы мультфильмді әлеуметтік желіге жүктеді. Оны бір күнде 50-ге жуық көрермен көрді. Сұрау нәтижелеріне сәйкес аталмыш мультфильмге 2 жас пен 15 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдер және олардың ата-аналары қызығушылық танытқан. Аталмыш мультфильмнің идеясы мен сценарийінің авторы Қызылорда облысының ТЖД бас маманы Айгүл Нұрманова. Персонаждарды дыбыстағандар – Жанар Тұрсынбайқызы, Сұлтанбек Бейсенәлиев, Ринат Үсенов. Монтаждау жұмысы Өтеміс Рахатқа тапсырылды. Аталмыш мультфильмнің демеушісі Қызылорда қаласының тұрғыны Болатбек Жүсіпов болды. Мультфильм «Отпен ойнама, балақай!» әнімен сүйемелденді. «Отпен ойнама, балақай!» әнінің сөзі мен әнін жазған және орындаған Айгүл Нұрманова. Музыкасын өңдеген Тұрмағанбет Ізбасаров. Иә, аталмыш мультфильм әр түрлі ғаламтор-ресурстарына жүктелді. Мұндағы басты мақсат - жас ұрпаққа қауіпсіздік ережесін насихаттау болып табылады. Алдағы уақытта жергілікті телеарналарда көрсетілетін болады деп жоспарлануда. Қызылорда облысының ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Похожие видео
Показать еще