"КҮШІЛІК ХАН - НАЙМАН ЕЛІНІҢ СОҢҒЫ ХАНЫ" экспедициясы

01.09.2021
Қырғыз Республикасының оңтүстік шекарасында орналасқан Памир Алай өңіріне тарихи -танымдық және ғылыми-зерттеушілік экспедициясы Қазіргі уақытта бүкіл әлем адамзат тарихындағы өте күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Осындай қиын уақытта тек монолитті достыққа бет бұрғандар ғана жеңімпаз болып шыға алады. Сондықтан да генетикалық кодқа арқа сүйенген тарихи тамырлар алдыңғы шепке шығады. «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының мүшелері Тұран халқының бірігуіне қомақты үлес қосуды өзінің міндеті деп есептеп, мақсатты жұмыстар жүргізуді көздеп отыр. «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры Күшілік хан мен Кетбұқа батыр сияқты әлемдік масштабтағы әйгілі тұлғалар туралы тарихи шындықты анықтау және қалпына келтіру мақсатында 2021 жылғы 9- 13 тамыз аралығында Қырғыз Республикасының оңтүстік шекарасында орналасқан Памир- Алай өңіріне ғылыми-зерттеушілік және тарихи -танымдық экспедиция ұйымдастырады. Сонымен қатар, экспедицияның мақсаты - халықтық дипломатия арқылы екі елдің экономикасы мен мәдени-танымдық байланыстарына жағымды ықпал ететін халықаралық тарихи -тәу ету туризмін дамыту болып табылады. Экспедиция алдына мынадай міндеттер мен мақсаттар белгілеп отыр: 1.Күшілік хан мен Кетбұқа батыр сияқты әлемдік масштабтағы екі әйгілі тұлғалар туралы тарихи шындықты анықтау және қалпына келтіру мақсатындағы тәу ету және экологиялық туризмі; 2.Марко Поло, Рашид ад -Дин, Ибн аль- Асир сияқты әлемге әйгілі саяхатшылар жүріп өткен Ұлы жібек Жолының тарихымен танысу; Экспедицияның жетекшісі - «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының Президенті Мусин Қайрат Маратұлы. Қор Өскемен қаласында орналасқан. Экспедицияның құрамында Қазақстанның тарихшы, археолог ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері бар. Экспедиция тарихи-танымдық сипатта, Алматы – Бішкек - - Дарауыт Қорган – Алтын Мазар – Қасқа су – Алматы маршруты бойынша өтеді. Экспедиция барысында Күшілік хан мен Кетбұқа ноянның жорық жолдары, сондай-ақ Марко Поло, Рашид ад - Дин, Ибн аль - Асир сияқты әлемге әйгілі саяхатшылар жүріп өткен Ұлы жібек жолының тарихы зерделенеді. Историко - познавательный и научно-исследовательская экспедиция в Кыргызскую Республику в Памир-Алай, что находится на южной границе Кыргызстана. В данное время мир переживает самый драматичный и переломный этап в истории человечества. В этой сложной ситуации выходят победителями те, кто умеет быть монолитно дружным, и естественным образом выходит на первый план исторические корни опирающие на генетический код. Единомышленники Общественного фонда «Международный благотворительный фонд «Кетбұқа - Төлегетай» считает своим долгом внести посильный вклад в консолидации народов Турана и приступает к выполнению свою практическую работу. Общественный фонд «Международный благотворительный фонд «Кетбұқа - Төлегетай» приняв решимости приступает в установление и востановление исторической правды о

Похожие видео