КАРЛЫГАШ
Буркит Искаков ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ НЕГЕ АЙЫР? (Ертегі) Қазақтың көне жерінде, Адырлы, бұйрат белінде. Бұлт шалған биік бастарын – Таулардың жайлап тастарын, Айдаһар өмір сүріпті, Патша боп көп жыл тұрады, Күшсізді талай жалмапты, Тіссізді талай қандапты... * * * Жылдардан жылдар өткенде Кәрілік жылжып жеткенде, Қайраты қайтып бұрынғы, Айдаһар дертке ұрынды. Өмірдің соңғы кешінде, Еріксіз алды есіне: Құдіретті, күшті кездерін, Маңайын жайпап, езгенін. Жалмаған, жұтқан шақтарын, Жанышқан, қысқан уақтарын. Жаңылдым, жаздым дегенге, Өткен күн қайтып келер ме?! Айдаһар қатты ауырды, Айықпас дертке шалынды. Бойдағы еттен арылды, Тынысы әбден тарылды. Көзден – от, беттен сән кетті, Кеудеден – қуат, әл кетті... Нөкерлер: Қораз, Қошқарлар Жасады небір жоспарлар. Ұзартпақ болып өмірін, Көтермек болып көңілін. «Аша ма?» деп тәбетін, Тартты алдына қой етін, Бірі – арқасын сипалап, Бірі – санын уқалап. «Табармыз, – деп, – дауаны». Қолданды небір шараны. Жүзеге бірі аспады, Істері алға баспады. Бәрі де сасып, сабылды, Не істерін білмей, аңырды. * * * Адырдың арты жар еді, Қу Түлкі сонда бар еді. Кей дертті емдеп, жазатын, Өнері ептеп болатын. Нөкерлер соған ағылды, Түлкіге барып жалынды. Ауруға Түлкі келеді, Тамырын ұстап көреді, Не қилы әдіс қылады, Дәріні талай сынады. «Тәтті қан іздеп тапсаңыз, – Жазылар, – деді, – патшаңыз». Айнала жұртқа қарады: – Кім іздеп, оны табады? Біз тұмсық Маса бар еді, Ішкені ылғи қан еді, Шағуға шебер болатын, Кез келген жерден соратын. Келместен сөзге, ол енді Шөлмегін алып жөнелді. Масадай малғұн, зұлымға, Жамандық жасау қиын ба?! Әуелі шағып Елікті, Қанынан татып, жеріпті. Еті арам, жасық десек те, Жабысты келіп Есекке. * * * «Бесікте жатқан нәресте – Нағыз дәрі емес пе?» Деген бір арам ой келді, Не болмақ дүние? Ойла енді! Келді де, шақты Баланы, Шырылдап бала қалады, Көрсе бір сынап балықты, Жан бітіп, асыр салыпты. Айдаһар сынды алып та, Ендеше келмек қалыпқа! Бұрынғы оған күш бітпек, Сонымен, барлық іс бітпек. Қайтадан жұртты қан қылмак, Дүниені ойран, шаң қылмақ... * * * Осынау маңды мекендеп, «Жақсылық қайтсем етем?» деп, Зұлымдыққа қаны қас – Жүретін бір қарлығаш. Естіп мына сұмдықты, Жүрегі оның түршікті, Адамдардың тағдыры, Жас сәбидің зар-мұңы. Аналық жанын оятты, Қарлығаш қақты қанатты. Жөнелді іздеп Масаны, Қырлардан қырға асады, Шарлады көкті көлбеген, Жарысты жүйрік желменен. Айдаһарға жеткізбей, Тиісті емін еткізбей. Масаны қуып жетеді, Айқасқа түсіп кетеді. Суырып тілін алады, Ызыңдап Маса қалады. Шөлмек те сынып, күл болды, Қан тамып жерге, гүл болды... * * * Алыспай өлмек қайда бар? Аласұрған Айдаһар, Болдырмаған бұйрығын, Қарлығаштың құйрығын Жартылай жұлып алыпты, Айыр боп содан қалыпты! Зұлымдыққа шек те бар, Алынар одан кек те бар. Құйрыққа кеп жармасқан Айдаһар ауып жартастан, Жерге құлап түсіпті, Тағынан солай ұшыпты. Сонымен, біздің Қарлығаш Болса да нәзік, талдырмаш, Жүргізіп күрес табанды, Қалыпты қорғап Адамды. Со
Похожие видео
Показать еще