Еске алу
Тамылшып көктем келді. Жер көктеп, байшешектер гүл жарып жатыр. Тіршіліктің қамымен уақыттың сырғып бара жатқанын байқамаймызда. Міне бір жыл болады сен жоқсың ортамызда. Кеше ғана доп қуып, қызық қуып, сырласып, мұңымыз айтып өмір мәңгілік сияқты көрінетін. Әттең бұл өмір мәңгі емес екенін мойындаттың құрбым Света (Шакарбану). Бүгін сені еске алып отырып, сенің жарқырағен жүзің, алғыр ширақ, адалдық пен мейірімді мінезің есімде мәңгі қалады жан құрбым. Алладан саған иман, шапағат жұмақ төрін сұраймын. Мәңгілік үйің нұрға бөленсін. Әумин. Ләйлә құрбың