Математикалық сауаттылық HD
Балықшылар тұралы 1. Үш балықшы бірнеше балық аулады. Бірінші балықшы барлық балықтың біреуін лақтырып тастап, қалғанының 1/2 бөлігін алды. Екінші балықшы осыдан қалған балықтардан біреуін лақтырып тастап, қалғанының 1/2 бөлігін алды. Үшінші балықшы да дәл осылай жасағанда шелекте 4 балық қалды. Бастапқыда барлығы неше балық аулаған? 2. Үш балықшы бірнеше балық аулады. Бірінші балықшы барлық балықтың біреуін лақтырып тастап, қалғанының 1/3 бөлігін алды. Екінші балықшы осыдан қалған балықтардан біреуін лақтырып тастап, қалғанының 1/3 бөлігін алды. Үшінші балықшы да дәл осылай жасағанда шелекте 6 балық қалды. Бастапқыда барлығы неше балық аулаған? 3. Шешесі үстелдің үстіне өріктер қойып, өзінің үш ұлына мектептен келген соң бөліп жеңдер деп айтты. Бірінші Марат келіп, өзінің үштен бір бөлігін алып кетті. Одан кейін Айдар келіп, үстелдің үстіндегі өріктің үштен бір бөлігін алып кетті. Соңынан мектептен Жандос келіп, үстелдің үстіндегі өріктің үштен бірін алды. Жандос 4 өрік алған болса, Марат қанша өрік алды?