Рэй бастаған құтқарушылар - Бөлім 19 - Ойыншық робот - Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD

29.04.2020
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#ойыншықробот Бөлім 19 - Ойыншық робот Аналары жұмыс істеп жатқанда, Джун мен Мина ойыншықтарымен ойнап, бөлмені шашып тастайды. Аналары оларға ойынды тоқтатып, ойыншықтарды жинасын деп қорап береді. Балалар қорапқа күшті робот пен әдемі қуыршақты салды. Питон мен оның достары ойыншық қорапшасын тауып алып, олармен ойнай бастайды. Барлығы ұйықтап жатқанда, Спарки ойыншық роботпен ойнап жатыр. Бірақ роботтың ішіндегі батарея ескі болғандықтан, Спаркиді тоқ соғады. Соның салдарынан Спарки құбыжыққа айналып, тіпті Питон мен Гастонға шабуыл жасайды. Рэйдің өрт сөндіру тобы Джун мен Минаға кесірі тимей тұрғанда Спаркиді қалпына келтіре ала ма? Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/tnirdPQHoWM Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/

Похожие видео