Елорда жастары Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін тойлауды бастап кетті

15.04.2017
Елорда жастары Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін тойлауды бастап кетті. Бүгін бір топ студенттер ұлттық ғашықтар күнінде флэшмоб ұйымдастырды. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мерекесі елімізде соңғы жылдары үзбей өткізіліп келеді. Ешбір құжатпен белгіленбеген бұл күні астаналық жастар да "Қаражорға" билеп, осы күнді атап өтуге шақырды. Танымал ақындардың махаббат туралы өлеңдері жазылған парақшаларды таратып, ғашықтықты насихаттауға тырысты. Шара соңында жастар махаббат белгісі ретінде қызыл шарларды аспанға ұшырды. Ал, ертең Астана төрінде жаңадан отау құрған жас жұбайлар арасында түрлі байқаулар өткізілмек.

Похожие видео

Показать еще