#Цифрлыдидактика 6-сынып. Қазақ әдебиеті Расул Ғамзатов "Ана тілі" HD

15.04.2021
Расул Ғамзатов 1923 жылы Ресей Федерациясы құрамындағы Дағыстан республикасының Цада Хунзахского ауданында дүниеге келген. Авар халқынан шыққан ақын. Расул Ғамзатовтың алғашқы өлеңдер жинағы 1943 жылы авар тілінде басылып шығады. Оның «Таулық адамының Отаны», «Менің өлкем», «Менің Дағыстаным», «Тырналар», «Таулық әйел», «Дағыстан көктемі» атты көлемді шығармалары бар. Расул Ғамзатовты қазақ тіліне аударған ақындар: Қ.Мырзалиев пен С.Жиенбаев. Өмір бойы өз ұлтының жоғын іздеп өткен қайраткер Ғамзатовты қазақ халқы да айрықша құрметтейді. Оның шығармалары өз тілін, дінін, діңгегін әлсіретіп алған ұлттардың қай-қайсысына болсын үлгі-өнеге боларлықтай асқақ та, рухы биік туындылар. «Ана тілі» өлеңінде туған топырағының бар маңызын бойына сіңірген Расул Ғамзатов өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Елмен жерге, ана тіліне деген іңкәрлік жырланады. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі», қандай ұлт болсын, оның ең басты байлығы – ана тілі. Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін тілінің болуы аталып өтіледі. Адам бойына нәр беретін, күш беретін –ана тілі. «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» дей отырып, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, рухы биік, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуге шақырады.

Похожие видео