Ішінде құрты бар суды ішуге мәжбүр болған шымкенттіктер шу көтерді HD
Шымкенттің Қарабастау шағынауданындағы халық аптап ыстықта ауыз судың азабынан әбден шаршадық деп шу көтерді. Мұнда қоныстанғанымызға 11 жылды болды деген тұрғындар, өзіміз қазған құдықтан су ішуге мәжбүрміз деп отыр. Бірақ ол санитарлық талапқа сай емес дейді. Біріншіден ащы, екіншіден - ішінде құрт та жүреді екен. Қалада тұрсақ-та жағдайымыз оңалмады деген шымкенттік тұрғындар, "бізге қарағанда ауылдағылардың халі дұрыс" дегенді ызамен айтады. Айтуларынша, бір жұтым су іздеп алысқа барады немесе сатып ішуге мәжбүр. Лайланған тіршілік нәрін он жылдай тұндырып ішіп келеміз дегендер, оны тасудан қажыдық дейді. Енді кейбірінің құдығынан құрт та шыққан. Құрттаған су ішкен тұрғындардың алды ауырып үлгерген. Үлкендердің асқазанына шағымы жиілесе, балалардың іші ауырады екен. Мәселені сан мәрте көтерсек те, жауаптылардан жылда «қаржы қаралуда, келесі жылы су беріледі» деген бір жауапты естиміз дейді жиналғандар. АЛТЫНАЙ АЙТУҒАНОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: – Өз күшімізбен құдықты қаздық, су шығардық. Ол су өте ащы. Адамға зиян. Водовоз келгенге дейін құдықтан жаңа көрдіңіздер ғой, шелекпен су алдық, сөйтіп тұндырамыз, оны сүзгіге сүземіз. ДҮЙСЕНКҮЛ ӘЖІБЕКОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: – Ауылда да бірталай жан бар, адам бар, мал бар дегендей. Балалар бар кішкентай. Балалардың несінен, мынадай заманда бізге су керек, таза ауыз су керек. Ал талай жылдан бері ауыз судан тарыққандардың мәселесінен хабардар болса да, билік жұмысты енді бастаған сыңайлы. Қаржы бөлінсе, тұрғындар келер жылы таза сумен қамтамасыз етілмек. ДӘУРЕН ЕРТАЙ, Шымкент қалалық энергетика басқармасының бөлім басшысы: – Жобалау жұмыстарын әзірлеу үшін толық қаржысы қаралды. Биылғы ағымдағы жылдың соңына дейін жобалауды толық аяқтап, екі мың жиырма екінші жылға құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Дегенмен, құрғақ уәдеге тойып біттік деген тұрғындардың бұған сенгісі жоқ. Олар басталған іс орта жолда аяқсыз қалып, ауыз судың азабын тағы бірнеше тартамыз ба деп күдіктеніп отыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #суға_жарымағандар #құрты_бар_cy
Похожие видео
Показать еще