Алматыда үй иесі сот орындаушысын сабап тастаған: жанжалға Жанқош Тұраровтың қандай қатысы бар? HD

05.10.2021
Алматыда соттың шешімін орындауға келген сот орындаушысын үй иесі сабап тастады. Бүйірінен екі рет соққы алған Әділ Ермеков орнынан тұра алмай қалған. Бұл көріністің барлығы видеоға түсіріліпті. Қосалқы құрылысты бұзу жұмыстарын тіпті танымал боксшы Жанқош Тұраров та тоқтатпақ болған. Бұл, қамсыз тұрған жеке сот орындаушысын ер адамның бүйірінен ұрып қашып кеткен сәті. Кадрда Әділ Ермеков бірнеше соққыдан кейін орнынан тұра алмай қалады. Оған кенеттен қол көтерген жігіт – осы үйдің жаңа қожайыны екен. Сөзінше, аумағы 150 шаршы метр болатын үйді бір апта бұрын, яғни 29-шы қыркүйекте сатып алған. Енді көшіп келіп жатқанда, баспанамды сүреміз деп сот орындаушылары келді дейді. Үй иесі баспананың мұндай проблемасы барын білмегенін айтады. Мақсұт Ысқақов, үй иесі: – Бұл менің жеке үйім. Алматыдан үй алдық деп қуанып едік, көпке созылмады. Баспананың бір бөлігін сүреміз дейді. Сот шешімі кімнің атына шықты, сол орындау керек еді. Енді бұл менің үйім болғандықтан, менің атыма шығарсын. Сот орындаушылары маған дөрекі сөйлеп, мені елемей де тұр. Неше жыл армандап, қол жеткізген үйімнің сүрілуіне жол бермеймін. Соққыға жығылған сот орындаушысы бүгін өзінің аман екенін айтып, видео таратты. Тіпті, тілшілердің басын қосып, сұхбат берді. Оның сөзінше, бұл үйге қосымша бөлме тұрғызылған. Көршісінің шағымынан кейін, Бостандық ауданының соты қосалқы құрылысты заңсыз деп тауып, 3-ші қыркүйекте сүру туралы шешім шығарыпты. Әділ Ермеков, жеке сот орындаушы: – Біз осы үйдің бұрынғы иесімен бір ай бойы келіссөздер жүргіздік. Ол өз ақшасына осы бөлікті сүруі керек еді. Алайда ол оны орындамады. Сот шешімі шыққаннан кейін маған екі ай уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде мен қосалқы бөлігін сүруім керек. Алайда, кеше бізге беймәлім ер адам қарсылық танытып, қол көтерді. Соттың шешімі бойынша, үй иесі кім болса да, заңсыз тұрғызылған бөлігі сүрілуі керек. Сот орындаушысының сөзінше, сүру жұмыстарына кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров та кедергі келтіріпті. Дөрекі сөйлеп, жұмысшыларға қоқаң-лоқы көрсетті дейді. Бірақ спортшының өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, тек ауызша ескерту айттым дейді. Қазір сүру жұмыстары тоқтап тұр. Сот орындаушысы міндетімді қалайда болсын атқарамын дейді. Ал, үйдің жаңа иесі сотқа қайта шағымданбақшы. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық #сот #суд_исполнитель #Алматы #жанжал #ЖанқошТұраров

Похожие видео