Халықтың әлеуетін арттыруға не кедергі? HD

02.03.2022
Украина-Ресей арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Ресейге салынып жатқан санкциялар Қазақстанға да әсер етуі мүмкін. Экономистер осындай пікірде. Яғни, көрші мемлекеттегі шетелдік инвесторлар бізге инвестиция құяды деп болжайды. Мамандар, алдымен ішкі экономиканы тұрақтандыруымыз керек дейді. Өйткені, қаңтар оқиғасы халықтың шынайы тұрмысын көрсетіп, билік пен тұрғындар арасындағы байланыстың төмен екенін айқындады. Енді, қандай шаралар жасалу керек? Әлемнің назарын аударып отырған Украина-Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан Ресейге салынып жатқан санкциялар Қазақстанға әсерін тигізуі мүмкін дейді экономист Расул Рысмамбет. Бірақ, біздің ел инвесторларға қолайлы болғандықтан, Ресейдегі шетелдік инвесторлардың осында келуі әбден мүмкін деген ойда. РАСУЛ РЫСМАМБЕТ, экономист: – Қазір енді біз ТМД елдерінің арасында біз енді ең инвестиция рейтингі бойынша, біз ең жоғары елміз. Бірақ осы соғыстың ішінде бізге енді бейтарап болуымыз керек. Қазақстан экономикасын «Кальмар ойынына» теңеген қаржыгерлер, алдағы жылды емес, ертең не боларын болжай алмай қалдық дейді. Оған көрші елдегі қарулы қақтығыс пен «қасіретті қаңтар» оқиғасы себеп екен. Жаппай тәртіпсіздік, халықтың билікке деген сенімділігінің тым төмендеуінен болды деп болжаған мамандар, халықтың әлеуеті несие жабуға әрең жетіп отыр дейді. Оның үстіне оқу бітірген жас маман жұмыс таппай сабылады. Сарапшылардың айтуынша, жұмыссыздар саны ресми статистикада көрсетілгендей 4,9 пайыз емес, 12 пайызға жеткен. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер көбейіп келеді деген Алмас Чукин, нарыққа жыл сайын 300-400 мың жас маман қосылады. Алайда, олардың барлығы бірдей жұмысқа білек сыбана кірісіп кетпейтінін айтады. АЛМАС ЧУКИН, экономист: – Жұмыссыз жастар жыл сайын көбейіп келеді. Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұлғайып жатыр. Яғни, олар орындарын да кеш босатады деген сөз. Сондықтан, мамандық таңдағанда нарықта қай салаға қызметкер керек, соған бару тиіс деп ойлаймын. Ал, экономист Мақсат Халық экономиканы әртараптандырамыз деп жастарды айти, ғарыш, нано технология саласына тартқаннан қарағанда, өзіміздің өндірістік мүмкіндігімізге қарап, білікті маман шығаруымыз қажет деген ұсыныс айтты. МАҚСАТ ХАЛЫҚ, экономист: – Мұнай сатсақ, неге біз мұнай-химия саласына көбірек көңіл бөлмейміз? Неге оның қосалқы бөлшектерін өндіру мәселесіне ойланбаймыз? Осы мәселелер, қазіргі экономиканың трендтеріне айналуы керек. Біз бұл дүниелерді жасап алмай, одан ары қарай секіріп кете алмаймыз. Осы идеялардың барлығын үкімет есту керек деп есептеймін. Үкімет осы бойынша нақты жұмыстар жүргізуі керек. Қаржыгерлер, Қазақстанның ішкі экономикасын тұрақтандырмай, шет елге шығу туралы ойлаудың өзі қате дейді. Рубльге тәуелділікті жойып, өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайту керек деген де ұсыныс айтылды. #Ресей #банк #Әлем #Қазақстан #Украина #Соғыс #доллар #ақша #жаңалықтар . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Faceb

Похожие видео

Показать еще