15-сәуір Ғашықтар күні бізге керек пе? HD
Құрметті Массагет оқырмандары, бәріміз көптен күткен Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні де есігімізді қаққалы жатыр. Барлығыңызды осынау ғашықтар күнімен құттықтай отырып, осы күн туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрып, тарихын зерделеуге шақырамыз. Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек. Бүгінгі таңда әулие Валентин күнін тойламауға тырысып жүрген жандардың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне ойлары қандай екенін біліп қайттық. Сонымен бұл мерекенің бүгінгі жастар үшін маңызы қандай? Massaget порталын оқи жүріңіз: https://massaget.kz Instagram - https://www.instagram.com/massaget.kz/ Telegram - https://t.me/massaget_kz Facebook - https://www.facebook.com/massaget.kaz/ Vkontakte - https://vk.com/massagetkz