Құрылыс компаниялары қашаннан бері адамдардың үйлерін тартып алатын болған? HD

11.06.2021
Нұр-Сұлтандықтардың осылай шырылдап жүргендеріне 9 жылдан асыпты. Айтуларынша баспаналарына енді қолдары жеткенде Елорда құрылыс компаниясы "барлықтарың бір кооперативке мүше болыңдар, әйтпесе құжаттарыңды рәсімдемей, үйлеріңнен қуып шығарамыз" деп талап қойған. Бұған ашуланған үлескерлер компанияның үгіттеп отырған кооперативі заңсыз құрылған, олар бізден мүшелікке қосымша ақы талап етіп отыр дейді. Ең қызығы, Елорда құрылыс компаниясының өкілі 160 адамды не себепті үйлерінен қумақ болғандарын нақты түсіндіре алмады. Бұл азаматтар 2012 жылы "Шығыс" деп аталатын мына үйге үлескер ретінде ақша құйған. Бірақ, мердігер компания үйді толық бітірмей кетеді. Күте-күте шаршаған 160 үлескер 2018 жылы өз қаражаттарына пәтердің құрылысын бітіріп алады. Баспана құжатын заңдастыру үшін енді Елорда құрылыс компаниясы "Отау құрылыс" және "Табыс" деп аталатын кооперативке мүше болыңдар, әйтпесе үйлеріңді босатыңдар депті. Жиналғандар бұл бассыздық, өз ақшамызға салып кірген пәтерді не үшін босатуымыз керек деп отыр. АНДРЕЙ МАКЛАКОВ, үлескер: – Ешқандай соттың шешімі жоқ. Өздерінің бастамасымен маған үйді босат дейді. Ал, Айтжанова есімді азаматтың кооперативіне мүше болып кірсек, бізге тиіспейді. Бірақ олармен жұмыс істейін десек, қосымша ақы сұрайды. Ал, проблеманы шешуге келген "Елорда" құрылыс компаниясы директорының орынбасары бізден қашқақтап, микрофонымызды итеріп әлек. Үлескерлерге әмірін жүргізіп үйреніп қалған Тәуекелов мәселені одан сайын ушықтырып жіберген секілді. Үйлеріңнен қуамыз деп айтып алып, енді мұны тәртіп сақшыларына сілтеп отыр. РҮСТЕМ ТӘУЕКЕЛОВ, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары: – Мы направили письмо полицию. Мы ждем ответа. Послужила причина жалобы! -От кого? От вашего ЖСК! Тәуекеловтың жауабына үлескерлер сенбек түгілі, не күлерін не жыларын білмей қалды. Жауапты басшы мәселемізді шешіп беріңіз деген көпшіліктің талабын ести тұра, түсіндірместен кетіп қалды. Ал, онсыз да зығырданы қайнаған халық әкімнің шығуын талап етті. Әкімдік мамандары бұл мәселеге тікелей жауапты Елорда құрылыс компаниясы деп отыр. Бірақ, жауаптан қашқақтап жүрген басшыларының бүгінгі әрекетіне қарағанда үлескерлердің бұл мәселесі жақын уақытта шешілмейтін секілді. Ал, жиналғандар бассыздыққа көнбейміз, Жоғарғы сот пен Үкіметке де мәселемізді жеткіземіз деп отыр. Айбар Төлжанұлы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #үлескерлер #баспана #КСК #бассыздық

Похожие видео

Показать еще