Бояулар әлемінде – Мизам әлемінің тұрғындары туралы қызықты ертегі-әңгіме HD
Біз – көзге көрінбейтін ғажайып «Мизам» әлемінің тұрғындарымыз! Сенің атың кім? Төменге өз есіміңді жазып қой. Біз – жер жүзіндегі балалардың құпия көмекшілеріміз. Егер кенет бір бала қиындыққа тап болса, ғажайып орманның ерекше ағашындағы жұлдыз жарқырап белгі береді де, біз сол сәтте көмекке аттанамыз. Бір өкінішті жайт – ересек адамдар бізді көрмейді. Себебі олар енді қиял-ғажайыпқа сенбейді ғой. Қазақстандық "Аруна" баспасы бізге арнап көптеген қызықты, танымдық кітаптар шығарды. Біз туралы осы кітаптарды мына сілтеме бойынша көруге және сатып алуға болады: http://aruna.kz/catalog/products/meezum/ Біз ұсынып отырған оқиғада мизамдықтар бірінші рет үйде жалғыз қалған балаға көмекке аттанады. Осындай уақытта не істеу керек? Үйде жалғыз қалған сәтте анаң қайта оралғанша немен айналысқан жөн? Не істеуге болады? Мизамдықтармен бірге балақай осы сұрақтарға жауап табады. Біз ұсынған оқиға сіздерге ұнайды деп үміттенеміз. Бізге жазылыңыздар, лайк басыңыздар! Сол кезде жаңа оқиғаларымызды жіберіп отырамыз.