381 ғана қалды... Туған топырағы үшін қан төккен ардагерлер сиреп барады HD

06.05.2022
Жыл өткен сайын ел тағдыры таразыға түсіп, қара бұлт төнгенде отанын жанқиярлықпен қорғауға аттанған ардагерлер қатары сиреп барады. Қазір Қазақстанда Ұлы отан соғысы кезінде ел іргесінің беріктігін ойлап, туған топырағы үшін қан төккен 381 ғана майдангер қалыпты. Оның жетпіс бесі Алматы қаласында, 43-і Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Сондай-ақ, Алматы облысында да 41 майдангер тұрып жатыр. проходка Ал Атырау облысында қанды жылдардың көзіндей болған ардагерлер қалмапты. Ғасыр жасаған ардагер Сұңғат Саттығұлов сұрапыл соғыс жылдары жау қолынан қаза тапқан майдандастарын еске алып, енді адамзат тарихында мұндай соғыс қайталанбауы керек деген тілегін айтты. Сұңғат Саттығұлов 1941 жылдың аяғында Алматы жаяу әскер училищесіне шақырту алып, дайындықтан өтіпті. 1942 жылы от пен оқтың ортасы Сталинград түбіне аттанған. Сөйтіп, қоршауда қалған қаланы жау әскерінен азат етуге ат салысыпты. Кейін бірнеше мәрте қарсыластарына тойтарыс берген. СҰҢҒАТ САТТЫҒҰЛОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері: – Июнь айы, июль айы полностью немістердің бірнеше контратакаларын отбивать еттік. Олар бізге қарсы келе алмады. 64-ші армиясы кішкентай қысыңқылады, но... Дәл осындай қақтығыстардың бірінде солдат Саттығұловқа снайпер оғы тиіп, жарақат алады. Сосын жарты жылдай госпитальде ем қабылдаған. Ал 1944 жылы екінші рет майданға аттаныпты. Бұл жолы Минскіні босатуға күш салған. СҰҢҒАТ САТТЫҒҰЛОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері: – 54-ші армия. Герой советского союза Чуйковтың, соның дивизиясында қалдым да Минскіні босаттық. Төртінші июль. 44 жылы. Сұңғат Саттығұлов майданнан тек 1946 жылы қайтқан. Батыр соғыстан соң да рота басқарып, бірнеше қаланы минадан тазартыпты. Сол сұрапыл соғыс кезінде алған жарақатынан бір қолы сал болып қалған. Ардагер екінші дәрежелі «Отан соғысы», «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарімен марапатталған. Миллиондаған боздақтың өмірі қиылған зұлматта көптеген майдандастарынан айырылған жүзге жақындаған ардагер енді әлемде соғыс болмасын деп тілейді. Нұрболат Жаңабекұлы, Диана Сапарқызы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #СұрапылСоғыс #ЖеңісКүні #ардагерлер

Похожие видео

Показать еще