NINETY ONE НАПИСАЛИ ПЕСНЮ В ПАМЯТЬ О ДЕНИС ТЕНЕ/НОВАЯ ПЕСНЯ "BOY MAN HD

05.08.2018
ТЕКСТ ПЕСНИ⬇️ Bala: Кейде көңіл күйге қарамаймын Түрлі түсті әлемді аралаймын Үлкендер ертегі айтады ұдайы Кімге сеніп, кімнен айналайын? Мама, мен сиқырға әлі сенгім келеді Мама, менің күлкім, менің мұңым Сенен бөлек кімге керек? Бұл өмірдің бір шыңына дейін Созылдым мен Бірақ биіктік өлшенбейді боймен... ZaQ:Шыбық ұстап алған самурай Бақшадан күнде теріп жүреді таңқурай Арман қуалайды, біраз қиялдайды Бірақ аяз ата оны жиі алдайды. Ал қазір калмады ертегі, оны есіне алады Тек анда санда тасбақа ниндзяларды Ол қиялын қоймаған әлі жас ересек Тек шыбықтың орнында қазір желбезектер... Alem: Бүлінген білім бәрінен зиян Біреуге мүмкіндік, біреуге қиял Көп нәрсемен келісе алмаймын Естілмеді бір баланың айқайы "Ай ай, солай ия" BALA: Мама, мен сиқырға әлі сенгім келеді Мама, менің күлкім, менің мұңым Сенен бөлек кімге керек? Бұл өмірдің бір шыңына дейін Созылдым мен Ал биіктік өлшенбейді боймен... AZ: Алма кетті домалап Жер тегіс емес - домалақ Кейде бала болып ойнағым келеді Жерге жатып алып жорғалап Күн өтпей шығып кетеді мұртым Сағындым нағашы мамамның құртын Ал қазір бәрін улгеруім керек Әзірге жоқта қайын жұртым ACE: Мен өскен сайын ішімнен жылаймын "Кім жаны кедей, сол зұлымға бай" Мама, мен сиқырға әлі сенгім келеді Мама, бұлттар төнсе, күнге де бар себеп!

Похожие видео