ТОЛЫҚ НҰСҚА HD

22.03.2021
Эстрада жанрындағы жаңа лирикалық ән. Сөзі: М. Айтбай Әні: К. Түрікпен Орындаушы: К. Түрікпен Өңдеуші: @telmanio Сведение: @bekzhan_turekulov @sancho_muz Мен сүйсем, сүйемін, Түндерді жарық қып, Тілдерді ғаріп қып, Сезімге қарық қып, Ақшамда көкжиек Қызылын қанық қып. Мен сүйсем, сүйемін, Көктемге гүл беріп, Тотыдай түрленіп, Уақыттай сүрленіп, Тірліктің ең соңғы, Деміне үлгеріп. Мен сүйсем, сүйемін. Дәуірді қалғытып, Даланы шаңғытып, Шашыма жан бітіп, Өртімді өшірер, Шілдеден қар күтіп… Мен сүйсем сүйемін. Түнекке тамсанып, Жүрекпен жар салып, Балықтар əн салып. Ажалым келсе де Күлімдеп қарсы алып. Күнімен, түнімен, Ғасырдың үнімен, Арымның құнымен, Мұсылман дінімен, Мен сүйсем, осылай, Сүйемін, Шынымен! Әннің мр3 нұсқасын мына сілтемеден көшіре аласыз: https://l.instagram.com/?u=http%3A%2F%2Fkazamuza.net%2Fkazahskie_pesni%2Fkunsulu_turikpen%2Fmen_suisem_suiemin&e=AT1DVYtgpb8eU4RXw5xCyljzwduvSB4uybulC4LaqvZamEFfX5K8N9Hymq-j9DDhYDBgE9E3XbPZYDsGUkSuC3sy2BrTZUbhGB0opzIlWHAf0xXeX_ZVg0AaiKow7W9AXAk Парақшаға тіркелуді лүпіл басып пікір жазуды ұмытпаңыз

Похожие видео

Показать еще