"СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ кірме темір жолының салынғанына 10 жыл

07.08.2017
Өңіріміздегі жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың бірі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ кірме темір жолын салды. Желінің іске қосылғанына биыл 10 жыл. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ кірме темір жолы арқылы мұнайшылар ай сайын 80 мың тоннадан астам жүк тасиды. 10 мыңнан астам қызметкер жұмыстарына барып, келеді. Салынуына 56 миллион доллардан астам қаржы жұмсалған темір жол желісі акионерлік қоғамның дамуына күш берді. Ал, бұл мұнай бағасының төмендеуі кезіндегі мұнай компаниясы қызметінің тиімді бір шешімі. Мұнай компаниясы биыл 20 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында өз темір жолын салған акционерлік қоғамның өндіріс көлемі өсіп, инвестициялық серіктестігі артты. Атап айтсақ, жыл сайын мұнай мен газ өндіру көлемі көбейіп, жаңа ірі өндіріс нысандары бой көтерді. 2006 жылы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ "Жем-Жаңажол" теміржол бағытының құрылысын аяқтап, келесі жылдың жазында іске қосты. Бұдан кейін мұнайшылар жүктер мен жолаушыларды тез әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік алды. Шығындар азайды. Кірме темір жол "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның көлік жүйесін түбегейлі оңтайландырып берді. Бұған дейін жүктер мен адамдар межелі жеріне автокөлікпен жеткізілетін. Компания 5 вагоннан тұратын корпоративті жолаушы құрамын іске қосты. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер осы құраммен қызметтеріне барып, келеді. Мұнайшылар салған темір жол тек компанияның ғана емес, өңір экономикасының да дамып, өсуіне ықпал етіп келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, елдегі көптеген компанияларға жұмыс ұсынды. Қазақстан экономикасына қосқан үлесі мол.

Похожие видео