Монолог: "АЯСАҢ - АЯМА". Алмас АҚЫН коуч-тренер HD

04.12.2018
✏Аясаң - аяма! . Қазақтың даналық теңізіне сүңгіген адамның бойы да, ойы да түзеледі. Сол даналықтың бірі "аясаң - аяма" дейді. Бұл ұғымды дұрыс қолданып жүрген адам бар ма екен?! Мысалы, Сіз қалай түсінесіз? . Бұл ұғымды өзінше қабылдап жүрген жандарды мен үш топқа бөлдім: 1-топтағылар: "Баланы АЯАУ керек қой, қалай сен оны аямайсың, жүрегің тас болып кеткен бе?!, - деп тым артық қамқорлықты АЯМАЙ жасаған баланың өмір сүру иммунитеті, өз өмірінің жауапкершілігін алуы төмендейді екен. . 2-топтағылар өзін әке немесе шешемін немесе туысымын деп санағандар: "Баланы жастан", - деп тұрып, оған өте көп жауапкершіліктерді АЯМАЙ жүктеп, СЫНмен мінін түзеймін деп, ішкі МЕНін сындырып жатады. . Енді бір 3-топтағы жандар, қазір балаға жақсы болып көрінген, бірақ болашақта зиян болатын нәрселерден онымен келісе отырып тыю, ойнау, сөйлесу арқылы өзінің энергиясы мен уақытын АЯМАЙды екен. Міне, осы топтағы әке-шешенің ұстанымы "АЯСАҢ - АЯМА" ұғымына тура келеді деп ойлаймын. . Абаша айтсақ "Малыңды, балаға ғылым үйретуге аямай жұмса!", - деген, мұндағы мал деп отырғаны не дүниең мен ақшаң немесе нәпсің екен. . Ал, Сіз қазір қай топқа кіресіз? . Авторы: @almasaqyn Оқыған: @almasaqyn . #алмасақын #ойжүгірту #монолог #аясаңаяма

Похожие видео