ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫМДАРЫН БАСҚАРУЫНА АЛАТЫН КОМПАНИЯЛАР ҚАЛАЙ ІРІКТЕЛЕДІ? HD
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ПАЙДАЛАНА АЛАТЫНДАРДЫҢ САНЫ АРТУЫ МҮМКІН Ол уақытқа дейін зейнетақы қорындағы артық ақшасын мерзімінен бұрын пайдалана алатын қазақстандықтардың қатары артуы мүмкін. Өйткені, салмыдар сомасы қазірдің өзінде күрт өскен. Бір ғана желтоқсан айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері рекордтық 200 млрд теңгеге ұлғайған. Яғни, отандастарымыздың белсенділігі артуда. Осыдан 2 ай бұрынғы дерек бойынша 761 мыңнан астам қазақстандық 2,5 трлн теңгенің жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатын болған еді. Зейнетақы активтері өскен соң соманың да, салымшылардың да көбейгені айдан анық, ал нақты қаншаға екені әзірге белгісіз. Белгілісі, 2020-шы жылы салымшылар қорға 1 трлн теңгеден астам міндетті зейнетақы жарналарын аударған. Ал ерікті жарналар 539 млн теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе артық. Бұдан бөлек өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына 1 трлн 200 млрд теңгенің инвестициялық табысы түскен. Осылайша, қордағы жинақтардың жалпы сомасы 13 трлн теңгеге жуықтап қалды. ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫМДАРЫН БАСҚАРУЫНА АЛАТЫН КОМПАНИЯЛАР ҚАЛАЙ ІРІКТЕЛЕДІ? Біздің тілшілер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресми хат жолдап, бірқатар сұрақтарға жауап алды. Онда зейнетақы салымдарын басқаруына алатын компаниялар ай сайын құрылымдалып, тізімі жарияланады делінген. БЖЗҚ сайтында келісім шарт жасасқан ұйымдар тізімі болады. Салымшы оларды өзі таңдап, сенімді дегеніне қаржысын басқаруға бере алады. Бұл жүйе ақпаннан бастап жұмыс істейді деген жоспар бар. Агенттіктен келген жауапқа қатысты бізде бірқатар сұрақтар туындады. Бұл жерде салымшылардың қауіпсіздігі ескерілген бе, әлде белгілі бір компаниялардың мүддесі үшін жасалды ма? Скайп арқылы байланысқа шыққан сарапшы маманнан осыны сұрайын. Жалғасбек Ақболат - экономист Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Біздің сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ https://inbusiness.kz/ru/tv - Бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық тұңғыш "Atameken Business" арнасының Онлайн көрсетілімі. Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері. Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/inbusinesskz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Наш сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/ atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz https://inbusiness.kz/ru/tv - Онлайн трансляция первого казахстанского мультимедийного канала новостей бизнеса - "Atameken Business" Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения
Похожие видео
Показать еще