«Qazaqstan дауысы. Балалар» Финал HD
16 шілде. ФИНАЛ «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының жеңімпазын халық дауыс беру арқылы тікелей эфирде анықтайды Бұған дейін «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек», «Тікелей эфир», «Жартылай финал» кезеңдерінен суырылып шыққан 4 үміткер енді «Финалда» бақ сынайды. Олар: алматылық Шерхан Арыстанұлы және Азат Сүндетбек, Батыс Қазақстан облысынан Айзат Айдосұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан Ерсұлтан Омар. Бұл жолы үздіктердің үздігін халық www.qazaqstan.tv сайтында дауыс беру арқылы таңдайды. «Балалар жылы» аясында еліміздің дарынды балаларын бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен жобаға 7 жастан 14 жасқа дейінгі 4400 баладан өтінім келді. Оның ішінен «Көрмей таңдау» кезеңіне 120 бала іріктеліп алынды. Финалдық кезеңге дейін өнерлі балалар төрт кезеңде сайысқа түсті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Ресей, Грузия елдерінен де үміткерлер қатысты. Жоба тәлімгерлері: Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Дастан Оразбеков. Әлемдік мегажобаның финалдық кезеңі «Qazaqstan» телеарнасынан сенбі, 16 шілде күні 21:00-де тікелей эфирге шығады.
Похожие видео
Показать еще