Ханзада Жумонг 1 серия 1 бөлім казакша HD 1080
Ханзада Жумонг - Оңтүстік Корея телесериалы. Сериал Когуре мемлекетінің негізін қалаушы Тонменсон (Жумонг) жайлы оқиғаларды баян етеді. Сериал бүкіл әлемде өте танымал болды. Сериалдың бюджеті 32 млн долларды құрады. Б.д.д 108ж солтүстік Корея мен Манчжурияны басқарып тұрған ежелгі Чосон мемлекеті Қытайдың Хан патшалығымен бір жыл бойы соғысып, жеңіліске ұшырады.Хан патшалығы ежелгі Чосон жерін 4 әкімшілік бөлікке бөліп тастады. Басқыншылардың зұлымдығы шыдап болмайтын дәрежеге жетті. Cодан ежелгі Чосон халқы қолына қару алып, елдің азаттығы үшін соғысқа шықты. Азаттық жолындағы соғыстың қолбасшысы Хемосу деген батыр еді. Чосон халқынан құралған Пуё мемлекеті бар болатын. Алайда Пуё елі ішінара Хан империясына бағынышты болды. Пуё елінің Хан империясын талқандап, қоластындағы қандастарын құтқаратын күші болмады. Тек халық арасынан шыққан Хемосу қолбасшы ғана, Дамуль әскерін құрып қытайлықтарға қарсы күресте біраз нәтижеге жетті. Алайда ол Хан империясының қолшоқпарына айналған Пуё елінің құрған тұзағына түсіп қалады. Ол қос жанарынан айырылып, абақтыға қамалады. Десе де оның арманын ұлы Жумоң жүзеге асырды. Ол Когурё атты мемлекеттің негізін қалады. 1 серия
Похожие видео
Показать еще