Таяуда «31 арна» киносүйер көрерменінің назарына үнді телехикаясын ұсынбақ

13.02.2014
Таяуда «31 арна» киносүйер көрерменінің назарына үнді телехикаясын ұсынбақ. Қазақ тіліне аударылған туындының тұсауы келесі аптада кесіледі. 17 ақпаннан бастап көрерменге жол тартатын сериалда, үндінің пұтқа табынатын жастары емес, мұсылман қыз бен жігіттің махаббаты суреттеледі. Үндістандағы мұсылмандардың өмірі, салт-дәстүрі суреттелген сериалдың басты кейіпкерлерінің бірі - Зоя - Нью-Йоркте өмір сүреді. Америка мәдениетін бойына сіңіріп, өз пікірінен танбайтын өжет қыздың өмірі өзінің туған еліне келгенде, өзгеріп сала береді. Туыстары бойжеткенді тұрмысқа шығуға мәжбүрлейді. Күні кеше ғана жастарды махаббат пен сұлулыққа құштар еткен үнді елінің үздік туындысын біздің арнадан 17 ақпаннан бастап көре аласыздар.

Похожие видео