"Әке- өмірдің бастауы" Авторы: Әлімхан Данахан

05.02.2017
"Әке- өмірдің бастауы" Авторы: Әлімхан Данахан Күркіреп тасып жатсада ағыс құрап, Арнасы алып дарияның басы - бұлақ, Кемеңгер ойлы даншпан тұлғаның да Бастауы боп артында ӘКЕ тұрад. Әке өмірдің қайнар көзі, бастауы, Тағына оның қоя алмаймын басқаны. Әкем менің Алла берген ең қымбат Алтын тәжім түспес төмен бастағы. Бәйгеге қостың баптап құлынымнан, Құлатпай шыққан биік тұғырымнан. Бақытыма бабымды сай келтіріп Жетілдірдің жел тигізбей тұлымымнан. Жанын жалдап өмірдің базарында, Ұрпақ үшін шыдап тағдыр азабына. Бала деп кешкен әке қиындығың Тұр көрініп із шалған ажарыңда. Әкең аманда арайланар күн,айың, Өмір мәнді көңілде жоқ уайым. Баласының басынан құс ұшырмас Асқар болып әке бейнең тұр дәйім. Әке кеш мені, болдым бүгінде қаңғы бас, Өмір жолы,бұралаң ,қиын биік тас. Саған мендей бір перзент табылар Маған бірақ сендей әке табылмас. Жырақта жүріп сағыныш тербеп жанымды, Жүректен шықты жыр шумағы жалынды. Жаныңда сенің сезбестен жүре берген Кермек дәмімен татып көрдім тағдырды. Күресуді үйреттің өмірменен, Қорықпаймын сондықтан сүрінуден. Түбі бір сен мақтанар тұлға болам Көрінемін арманның биігінен. Үкілеп өзің қосқан арғымақпын Өмір бәйгеде талмаймын жүгіруден. Әке ол жүзі қатал көңілі жұмсақ келед, Бала десе жүрегін жұлып беред. Сен биіктен көрінсең бір марқайып Алдыңа арманыңды үйіп беред. Арып шаршап өмірден қажысада Есіктен сені ойлап күліп кіред. Тағдырға мойымаған алтын басын Сен мінсін деп мойынын иіп беред. Жердің бетін жеті рет айнал мейлің Әкеге тең келетін жоқ құдырет.

Похожие видео