Сүттің пайдасы мен зияны... "Қайырлы таң" бағдарламасы
Сүт құрамында көптеген пайдалы дәрумендер болғандықтан, оны сұрамаса да балаға үнемі беруге тырысамыз. Алайда кейбір ғалымдардың сөзінше, сүтті тым көп ішу баланың бойындағы кальцийді көбейткенмен, темірді жойып жібереді екен. Ал мұндай жағдайда не істеу керек? Бала күніне қанша мөлшерде сүт ішкені дұрыс?