Кымыз-Саумал/Кафе - Дихан Алматы | aidyn.kz HD
Адрес: мкр Кок-Кайнар, улица Абая 1/54. Алматы каласы, Момышулы - Акын Сара кошелеринин кйылысы. Телефон: +7 747 137-63-24 +7 701 538-36-41 Дихан қымызханасы 2016 жылы мамыр айынан бастап халыққа қызмет көрсете бастады. Жалпы біздің мақсатымыз - өз шаруашылығымызды дамыта отырып, жылқы малының сүтінің пайдасын мен аса құндылығын халыққа кеңінен насихаттау. Бесіктегі баладан белі еңкейген қарияға дейін жылқы малының сүті 40 түрлі дертке ем. Саумалды 40 күн бойы ем үшін үзбей ішу керек. Сонда беретін шипасы зор болады. Саумалды жылы және балғын күйінде іш деген қағиданы ұстанып, қымызханамыздың алдында құлынды биені байлап, балғын күйінде халыққа ұсынып отырмыз. Ал қымызымыз ағаш күбіде пісіліп, дайындалады. Қымызханада саумал мен қымызбен қатар қазақтың сүт өнімдері мен ұлттық тағамдарының барлық түрлері бар. Саумалмен емделушілерге саумал терапия, vip –залдар және дені сау және науқас адамдарға арналған ипотерапия –атпен серуендеу бар. Байламда бордақы ірі қара мен қойлар бар. 100 адам және 50 адам, 150 адамға арналған орындар мен тапшан залдар бар. Шілдехана, бесіктой, ауызашар, құдалық сияқты тойларға тапсырыстар қабылдаймыз. Қымызханамыз қаланың шетіндегі қалаға ең жақын нүктеде орналасқан.
Похожие видео
Показать еще