"Химия 1001 есеп" шығару жолымен |1-10-есептер | Баймұрат Анарбекұлы HD
Химия 1001 есеп. Шығару жолымен 1. Күміс нитратының ерітіндісіне артық мөлшерде натрий фосфатының ерітіндісін құйғанда 5,98 г тұнба түзілді. Күміс нитратының ерітіндісіндегі күміс ионының саны. Ж: 2,5*1022 2. Массасы 248 г CuSO4 ерітіндісіне 20 г магний ұнтағын қосты. Біраз уақыттан кейін тұнбаға түскен металды жинап кептіргенде массасы 28 r болды. Алынған ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесін анықтаңдар . Ж:10% 3. Массасы 2,14 г магний нитридімен Mg3N2 әрекеттесетін 4%-дық тұз қышқылының (тығыздығы 1,02 г/мл) көлемін есептеңдер. Ж: 153,15 мл 4. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфидін ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль) Ж:48 моль 5. Қалыпты жағдайда 10 л 2-метилбутадиен-1,3-тің массасы 10 л ауаның массасынан ауыр Ж: 2,344 есе 6. Массасы 24 г мыс және мыс (ІІ) оксидінің қоспасын концентрлі азот қышқылымен өңдегенде көлемі 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінеді. Бастапқы қоспа дағы компоненттердің массалары мен түзілген тұздың массасы. Ж: 9,6г Cu, 14,4 CuO, 28,2 Cu(NO3)2 7. Көмірқышқыл газы бойынша тығыздығы 0,8-ге тең озон-оттекті қоспадағы әр газдың көлемдік үлестері (%): 20% озон; 80% оттегі Ж: 4,47л О3, 17,93 л О2 8. Натрий гидроксидінің массалық үлесі 2%-дық, көлемі 10 мл,тығыздығы 1,02 г/мл ерітіндісін бейтараптау үшін тұз қышқылының массалық үлесі 2%-дық, тығыздығы 1,008 г/ мл ерітіндісінің көлемі : 9 мл 9. Массасы 5 г сілтілікжер металл ауадағы оттекпен тотықты. Алынған оксид сумен әрекеттесіп, нәтижесінде массасы 9,25 металл гидроксиді түзілді. Реакцияға қатысқан сілтілікжер металл. Ж: 40 Са 10. Өндірісте жербалшықтан тазартылған алюминий оксидіне натрий алюминий фторидінің қоспасын қосып электролиздеп алады 2Al2O3-4Al + 3O2 - 3352 кДж. Осы реакция кезінде 419 кДж жылу жұмсалса , айырылған алюминий оксидінің массасы. Ж: 25,5г