Коконың құпиясы / Тайна Коко HD
«Коконың құпиясы» - махаббатқа, сұлулық пен мейірімге толы, керемет отбасылық мультфильм. Ол қазақ тіліне аударылған 23-ші фильм және 2017 жылдың соңғы жобасы. Бұл анимациялық фильм 12 жастағы Мигельдің басынан өткен түрлі хикаялар арқылы отбасы және өткен өмірдің қателіктері тақырыптарына баса назар аударады. Барлығы дубляжға 35-тен астам актерлер қатысты. Бас кейіпкерлерге өз дауыстарын сыйлағандар: Ақарыс Әшімхан (Мигель), Олжас Жақыпбек (Эктор), Сайлау Қамиев және Нұркен Өтеулов (Ernesto De La Cruz). Мәтін үйлестірушісі - Гульжан Сауртаева, аудармашысы - Әсел Мамырова.
Похожие видео
Показать еще