«Құсайыновтар. Өмір жолы» телехикаясы: жуырда HD
Телехикая Құсайыновтар әулетіндегі отбасы мүшелерінің сан қилы тағдыры туралы өрбиді. Құсайыновтар әулетінен қалған үлкен үйде Бейсен мен Шәрипаның отбасы тату-тәтті өмір сүреді. Ата-әжесі, үлкен ұлдары Сәкен, жұбайы Ләззат, балалары Қасиет, Қайрат және Мұрат – барлығы бір шаңырақ астында тұрады. Қасиет мектепті енді тәмамдап, өзінің сыныптасы Серікке тұрмысқа шықпақшы. Құдалық тойға қаладан Сәкеннің інісі Талғат жұбайымен және қызы Аружанмен бірге келеді. Талғат – отбасының мақтанышы. Ол ерте жастан жоғары мансапқа қол жеткізіп, жоғары лауазымға тағайындалуын күтіп жүреді. Алайда ерке өскен қызы Аружан әкесінің мансабына бөгет болатын оқиғаларға тап болады. Тіпті оның атына қылмыстық іс қозғап жатқандар да табылды. Үйдегілер күдік сейілгенше Аружанды ауылда қалдыруға бел буады. Алайда шолжаң қызға ауыл өмірі мүлде ұнамайды. Ол атасы мен әжесін жалықтыратын қылықтар жасап, оларды әбден шаршатып, соңында қалаға жіберу үшін бар күшін салады. Бірақ отбасы мүшелері Аружанның еркелігіне көнбістік танытады. Қалаға қайтаруға басқа еш себеп таба алмаған қыз отау құрғалы жүрген немере әпкесі Қасиеттің күйеуімен көңіл қоспақ ойға келеді. Оның жеңіл қылықтары Серікті бірден баурап алады. Аружан мен Серіктің махаббат хикаясы қалай аяқталады? Ал тұрмыс құрмақ ойға бекіген Қасиет қандай шешім қабылдады? Отбасында нендей тосын оқиғалар орын алды? Шыр айналған шырғалаң тағдырдың иелері туралы «Құсайыновтар. Өмір жолы» телехикаясын тамашалаңыздар! 20 жылдың ішінде өзгерген ғұмырлар, бақытын іздеген жастар, жұмбақ шешімдер «Хабар» арнасында!
Похожие видео
Показать еще