Ерке Есмахан - Еркем-ай (сөздер/lyrics/текст песни) HD
сөзі: Қайнар Алагөзов әні: Халық әні Тойың тойға ұлассын Салған әнім қыр ассын Әнін берген Еркеге Бағын берсін Күләштің 2. Атым асып шалқайсам Марапатқа мархайсам Әнші Жамал апамдай Әнімді айтып қартайсам Еркем еркем еркем-ай Еркем десе көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі-ай Ағалардай нұрлансам Ізгілерден үлгі алсам Жезтаңдайы қазақтың Роза апамдай гүлі болсам Мерейін ел асырған Ақ баяным асылдан Мәдина апама Еліктедім жасымнан Еркем еркем еркем-ай Еркем десе көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі-ай Қызығардай қыр гүлі Сүйсінердей күн нұры Бейбігүлдей бағының Болсам шіркін бұлбұлы Ерке қыздың сенері Қазақ деген ел еді Мақпал апам секілді Ерке болғым келеді Еркем еркем еркем-ай Еркем десе көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі-ай Жауһазындай жас күнім Махаббатқа мас күнім Қарақаттай қазақтың Тұмар етсем дәстүрін Шаршап белді таянбай Ару қызы Баяндай Өнер үшін ән үшін Тер төгемін аянбай Еркем еркем еркем-ай Еркем десе көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі-ай Еркем еркем елім-ай Кербезденген керім-ай Еркелеген еркемді Еркелетші елім-ай
Похожие видео
Показать еще