Путешествие Танбалы тас .8747 052 8532
Табалы тас шатқалы Іле өзенінің оң жағасында, Қапшағай су қоймасыннан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде. Шатқалда 60 метрге дейін жететін үлкен жартасты мүйістер бар. Жекелеген жартастар мен үлкен қойтастардағы Будда мен Бұрхан (Бодхисаттв) бейнелерінің жанынан түрлі стилде жазылған тибет жазулары бар. Таңбалы-тас жазулары мен бейнелері тасқа мейлінше шеберлікпен қашалған, суреттері анық та айқын және қатаң стилімен, сондай-ақ контур сызықтары көркемдігімен ерекшеленеді. Бес сурет пен жазудан құралатын барлық композиция үш үлкен жартас бетіне қашалған. Будда Шакья Муни бейнесінің бірі негізгі кешеннен бөлек өзен жағасынан 50 метр арыда орналасқан. Қандай да бір мерзімді айқын білдіретін белгілері болмағандықтан бұл бейненің қашан пайда болғанын айту қиын. Бейненің өзі ұзақ уақыт бойы кеңінен таралып, қатаң сақталған канондық дәстүрге сай қашалған. Жазулар мен оның жанындағы мәтін әзірге аударылған жоқ. Бірнеше жазуды «Om mani padme hum» дейтін дұға түрінде оқуға болады. Жазбаның сипатына қарай отырып бұ бейне негізгі кешеннен айтарлықтай бұрын пайда болған деуге болады. Қастерлі орынның жалпыға бірдей қабылданған негізгі қағидаларына толығымен сай келетін негізгі кешен ерекше қызығушылық тудырады. Үлкен тастардың арасымен жүріп өткен адамның алдынан жылан орлған бұрхан бейнесі салынған жеке жасқа кез болады. Осыған қарағанда бұл бұрхан қастерлі орынның күзетшісі, қорғаушысы рөлін атқарғанға ұқсайды. Өмірде болмаған, мифтік образдағы мүйізді жыландар бейнесі тасқа қашалған. Мұндай жыландардың біріне «өлім сыйлаушы» деген атақ берілген. Оңтүстік-Шығыс Азия дәстүрінде кездесетін мұндай қорқынышты бейнелер зұлым күштерді қуып, залым адамдарды кіргізбейді. Жылан оралған бұрхан бейнесінен өткен соң ғана кешеннің орталығына көтерілуге болады. Бүкіл композицияның орталығы Будда Шакья Муни мен қос Бұрхан - Ман-Ла мен Чон Рай Чик бейнеленген жартас болып саналады. Әрбір бейненің астына аттары жазылған. Будда мен Бұрхандар лотос гүлінің дәстүрлі жасампаздық тұрпатында бейнеленген. Ортасында тұрған Чон Рай Чик бейнесі басқаларынан айтырлықтай ірі екені әрі көбірек сәнделгені байқалады. Чон Рай Чик бейнесі «от шашқан қылышпен надандықты қуатын» моңғолдық Бұрхан бейнесіне сай келеді. Будда мен жалпы үнді дәстүрі бойынша надандық пен зұлымдық немесе «авидья» жын-шайтан, әзәзіл рөлін атқарады. Адамның шындыққа жету жолындағы басты кедергі өзнің надандығы, пайымсыздығы пен құлықсыздығы. Сол себепті «надандық шырмауын қуатын» Бұрханға тәу еткен соң ғана сыйынушылар композициядағы «Ман-Ла» персонажына, яғни «даналықты сақтаушыға» беттейді. Сөйтіп өз бойындағы лас энергиядан тазарған адам даналыққа жетуге мүмкіндік алады. Бүкіл композиция Будда Шакья Мунидің өзінің бейнесімен аяқталады. Яғни алдыңғы үш сатыдан өткен адам құжайдың өзіне тікелей жалбарынып, ақиқатқа жете алады. Кешенді осылайша интерпретациялау будда храмының дәстүрлі үлгісі мен діндар буддисттің өзін-өзі жетілдіру сатылары туралы идеяларға сай келеді. Тұтастай алғанда бір композицияны құ
Похожие видео
Показать еще