"Халқы үшін, ел үшін кетті балам...". Прапорщик Ербол Ержанов жер қойнына тапсырылды. HD

10.01.2022
Тергеу изоляторына тұтқиылдан төнген террористердің оңды-солды атқан оғы Ержанның маңдайы мен иығына тиіпті. Марқұм Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салуға келген ет жақындары осылай деп зар иледі. Әсіресе жалғыз ұлын жер қойнына тапсырған әкенің қабырғасы қайысты. Енді ғана зейнетке шыққан Ерболдың балаларының нағыз рахатын көрер шақта өмірден озғаны өзегін өртеп барады. Марқұмның артында еңіреген жары, ботадай боздаған екі баласы қалды. ТӨЛЕУБЕК ІҢКӘРБАЕВ Марқұм Ербол Ержановтың әкесі Балам осы жұмысты өзі таңдап, екі мыңыншы жылдары кіріп еді. Міне алтысы күні пенсияға шығып, демалыс орнынан басшысы рұқсат беріп, алтысы күні босатамын деп отырған жерінен осындай қазаға ұшырады. Халқы үшін, елі үшін кетті балам, сіздер үшін. Барлықтарымыз ауызбірлікте болайық. Міне көрдіңдер ме, кішкентай дүние қалай қопарып жіберді. Халықты пайдаланып кетті, бізді пайдаланды. Азаматтар ондайға бармаңдар. Ербол Ержанов Талдықорғандағы ЛА 155-те 16 тергеу изоляторында табандылықпен 22 жыл үздіксіз қызмет еткен. Кәсібіне адал маманның мезгілсіз қазасын естіп жиналғандардың қарасы қалың болды. Тура 22 жыл бұрын, сарбаз Ерболды жұмысқа қабылдаған мекеменің сол кездегі басшысы да жерлеуге келіп, естелігімен бөлісті. МАНАРБЕК МҰҚАШ Зейнеткер полковник 18 жыл Талдықорған изоляторының бастығы болып, Ерболды жас армиядан кейін жұмысқа қабылдап едім. Кешегі жағдайды естіген кезде қатты қайғыға ұшырадық. Ерболдың жұмысқа деген адамгершілігі кешегі тойтарысқа қарсы шығып, өзінің ерлігімен батыр екенін көрсетіп отыр. Артында жары, екі баласы, әкесі қалып отыр, соларға көңіл айтамыз. Айта кетейік, 7-ші қаңтар күні Талдықорғандағы тергеу изоляторына 15 адам шабуыл жасады. Соның салдарынан уақытша ұстау абақтысының 2 қызметкері жарақаттанып, бір қызметкері яғни, әділет прапорщигі Ербол Ержанов мерт болды. Сол күні атыс қатты болғанға ұқсайды. Себебі изоляторға барар жолда жан-жағынан оқ атылған белгісіз көлік те табылды. Ішінде белгісіз екі адамның мәйіті жатты. Тергеу изоляторына тұтқиылдан төнген террористердің оңды-солды атқан оғы Ержанның маңдайы мен иығына тиіпті. Марқұм Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салуға келген ет жақындары осылай деп зар иледі. Әсіресе жалғыз ұлын жер қойнына тапсырған әкенің қабырғасы қайысты. Енді ғана зейнетке шыққан Ерболдың балаларының нағыз рахатын көрер шақта өмірден озғаны өзегін өртеп барады. Марқұмның артында еңіреген жары, ботадай боздаған екі баласы қалды. ТӨЛЕУБЕК ІҢКӘРБАЕВ Марқұм Ербол Ержановтың әкесі Балам осы жұмысты өзі таңдап, екі мыңыншы жылдары кіріп еді. Міне алтысы күні пенсияға шығып, демалыс орнынан басшысы рұқсат беріп, алтысы күні босатамын деп отырған жерінен осындай қазаға ұшырады. Халқы үшін, елі үшін кетті балам, сіздер үшін. Барлықтарымыз ауызбірлікте болайық. Міне көрдіңдер ме, кішкентай дүние қалай қопарып жіберді. Халықты пайдаланып кетті, бізді пайдаланды. Азаматтар ондайға бармаңдар. Ербол Ержанов Талдықорғандағы ЛА 155-те 16 тергеу изоляторында табандылықпен 22 жыл үздіксіз қызмет е

Похожие видео