ҚЫТАЙ ДАРИҒАНЫ... HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Оспан батырдың әскері 1949 жылға дейін, 9 жыл бойы қара қытайды армансыз қырып, оларды мүлдем жоюға мүмкін емес екенін білді. Уақыт зымырап өтіп, бұл кезде ішкі Қытайда Коммунистер жеңіске жетіп, бұрынғы мемлекетті билеп отырған Халық партиясын Тайванға қуып тастайды. Билікті алғаннан кейін, Коммунистік қызыл қытайлардың 100 мың әскері Шығыс Түркістанға кіргелі жатты. Дәл осы кезде, бұрынғы қара қытайлар, яғни Тайваньға қашқан Халық партиясы, Оспан батырға "коммунистік үкіметке" бірге қарсы тұруға нәсихат жасады. Сол кезде Оспанның кеңесшілерінің ішінде Сарырқадан келген, руы - арғын, Қапас мүфти деген Алашордашы бар еді. Сол кісі коммунистердің «адамшылықтан жұрдай хайуан есебінде екенін» айтып, соншама жыл соғысқан тайвань үкіметімен одақтасуға кеңес береді. Оспан батырдың халыққа тарап кеткен: "Қазақтың мүддесі үшін шайтанмен де одақтасамын!" деген сөзі, сол кезде шыққан. Шығыс Түркістандағы қытай үкіметі, Оспан батырды өлке орталығы Үрімжі қаласына шақырды. Оспан батыр соның өзінде, бәрібір қытайға сенбейді. АҚШ елшісі Пакингсон Байтагбогдтың араға жүруімен ғана сенім артты. Бірақ «қала ішінде емес, қаланың сыртында ғана кезігетінін» айтты. Оспан батыр осы күнгі, Үрімжі қаласының іргесіне келгенде, қытай басшысы ол жерге көптеген киіз үйлерді тіктіріп дайындап қойған екен. Кездесетін орындағы тау-тасқа, Оспан батыр 300 мергенін тізіп отырып орналастырып қойды. Олар кездесу орнын нысанаға алып, қауіпсіздікті бақылады. Сол кезде қытай басшысы, "Оспан батырдың құрметіне алып қояйық!" деп шарап құйған кесесін көтергенде, оның генералдары және жергілікті ұйғыр, қазақтың лауазымды адамдары оны қощаметтеп, олар да шарап ішіп жіберді. Сол кезде, Оспан батыр ғана құйған шарабын алмай, "Құдайдың тәтті суынан құйып әкеліп бер" деп, бір сарбазын тауға жұмсайды. Ол сарбаз, таудың бұлағынан бір шара таза су әкеліп берді. Шарадағы тәтті суды Оспан қылқылдатып жұтты, мұны көрген ұйғыр, қазақ ұлттарынан шыққан қытайдың жаңағы мәнсаптіларі ұялып, қызарғанда кірерге жер таппапты. Қытай басшысы: "Батыр, екі жақтың мергендерінің өнерін көрейік!" деп, нысана ататын алаңға алып келді. Екі жақтың арасында, нысана атудан байқау өтеді. Байқаудың соңында, Оспан батыр жанындағы қызына "ат!" деді. Қызы шапанының сыртынан ер адамша буынған белдігін шешіп, түймесін ағытып жіберіп, кіндігіне айқастырып беліне байлаған екі маузер мылтығын суырып алып, 200 метр жерге кішкене жілік қойдырып, сол қолындағы маузермен жіліктің ортасын тесті, жілік аспандап ұшып бара жатқанда, көз ілеспейтін шапшаңдықпен оң қолындағы маузермен ұшқан жіліктің басынан атып түсірді. Мына мергендікті ол кісі: "бұл менің мергендігім емес, әкемнің жанып тұрған бағынан болды" деп айтатын. Кейінгі бір уақытта, Оспан батырдың ауылында ешбір әскер жоқ кезде, кең алқапта қатын-бала ғана қалған кезде, қытайдың әскері басып қалады. Сол кезде, бір киізүйдің ішінен оқ борап, ешкімді ауылға жақындатпады. Сөйтсе, ауылды қорғаған - осы қызы екен. Бір ретe иендегі бос қалған киіз ү