Қызылорда, Шиелі, СұлуТөбе, Жаназар батыр 200жыл ас беру, қыпшақ руы, Кызылорда HD

12.05.2018
Алла бұйыртып кеше ауылға жол түсіп әке шешемнің қасында мәз болып, бүгін #ЖаназарБатыр дың 200жылдығына #қыпшақтар руының Қазақстан бойынша ұрпақтары жиналып бас қосып ас беруінің куәгері болуды нәсіп етті. Керемет, өте керемет биік деңгейде өтті. 8 #киізүй тігіліп 14палатқа құрылып, #Құран бағышталып, ас берілді, тарихқа тоқтап, ән терме шашу, қазақы күрестің кереметтілігін жиылған қауымға паш етті. Әр облыстың өкілдері сөз алып келер ұрпаққа үлгі көрсетіп тарихты таныстырды. Керемет. Жалпы айтқанда мыңдаған халыққа рухани азық сыйлады десем артық болмас. Рас, Рухани байлық деген осыдан бастау алар, осындай шаралар көбее берсе екен себебі кітап асыл қазына болғанымен күйбің тіршілік көпті естен шығартады емес пе?! Ер есімі әрине ел есінде, дегенмен осындай іс шаралар көбейген сайын жас ұрпақ тарихты, қазағымыздың батырларын, руларының тегін, ата бабасын ұмытпай аманатты адаспай шатаспай болашаққа алып кетері анық деп білемін. Қазақ жері өте бай, қасиетті топырағы қайсарлық дарытқан батырларымыз өте өте көп шүкір Аллаға. Қыпшақ болмасақта қазақпыз ғой. Бұл шараға #ӘкеШешем арнайы шақырумен қонақ болып барған, мен енді не ғой мммм я а #СұлуТөбе ауылының қонағымын ғой төркіндеп барған Жаназар батыр жайлы білгіңіз келсе #Сырбойы газетіндегі #БорисҚАЛНАЗАРОВ ағамыздың жазбасынан біле аласыздар http://syrboyi.kz/negizginews/10964-zhanazar-batyr.html Тарихты жазба. Борис аға өзі #Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, #қолөнер шебері, #педагог.,, Айсұлуымыздың атасы.... #құдамыз. Жақсылық шаралар көбее берсін. Алла тілегімізді қабыл етсін. Барша ұйымдастырушыларға Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. #ЖаназарБатыр200жыл #тарих #кесене #асберу #Qyzylorda200jyl #ӨмірЖолы #АйманМахамбетова

Похожие видео