" Ел көшкенде " Меруеш Башайқызы .
Ел көшкенде. Үшойғырдың басынан ел кеткені-ай, Қара жері Қобданың желдеткені-ай. Бейбіт күнде бөлініп ағайыннан-ай, Ойды күдік, бойды мұң меңдеткені-ай Бұзылмаған қаймағың, Керей, Уақ, Найманым. Кімге тастап барасың, Баян-Өлгей ой аймағын?! Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай, Ата-жұртым шақырды ашты есігін-ай. Көшкен елде қарыздар, қалғаныда-ай, Сен аман бол туған жер, бас бесігім-ай. Найман, Уақ, Керейім, Мақтанышым мерейім. Түтініңді түтетерсің, Бұдан артық оу не дейін?! Жер ұйығы Ойғырда жебе туса-ай, Жылқы мініп барады жусай-жусай-ай. Жаны жомарт Маңғолдар, бауырларым-ай, Тумасақта болып ек туысқандай-ай. Найман, Керей, Уағым, Күнгей бетім шуағым. Тілім, салтым, байлығым, Мөлдір бастау ой, бұлағым. Қиялмайсың қиналып сүйікті елді-ай, Мөлдір бұлақ, қарлы тау биіктерді-ай. Неге ғана мен ылғи көше берем-ау, Көше беру еншіме тиіппе еді-ай?! Найман, Уақ, Керейім, Мақтанышым мерейім. Түтініңді түтетерсің, Бұдан артық ой не дейін?! Алыс кетіп жүдеген, Сағынышы үдеген. Ағайынға бұл әнім, Амандығын ой тілеген! Көліктерін сайлаған, Көшуге бел байлаған. Ағайынға ақ сапар, Ұрпақ қамын ой, ойлаған!