ЖАҚСЫ КӨРЕМІН | ҚАЗАҚША ПОЭЗИЯ | ҚАЛАМГЕР ИСЛАМ ЗАКИРҰЛЫ HD
Сөзін жазған және оқыған: Ислам Закирұлы Жақсы көремін, Жанымда болмасаң да, Жанарыңа әр күні тоймасам да, Өңімде сені көрү қиын болды, Түсіме кіріп тұршы анда санда. Жақсы көремін, Өзің де білесің ғой, Сағындым десем бүгін күлесің ғой, Өмірімде болған үлкен шайқастарым, Сезімім мен болған күресім ғой. Жақсы көремін, Ойлаймын күнде сені, Теңеймін ай менен күнге сені, Өмірімнен түңілген сәттерімде, Көздерім сүретіңмен тілдеседі. Жақсы көремін, Өшпейтін шырақ болдың, Бірақта өмірімнен жырақ болдың, Әлі күнге өзіңді іздей беремін, Басыма түскен үлкен сынақ болдың. Жақсы көремін, Сенсең де сенбесең де, Сүйемін деп қасыма келмесең де, Жүрегім сені сұрап мазалайды, Ол сені ұмытып кеткен десем де. Жақсы көремін, Қасыңа бара алмаймын, Қайда деп уайымдап алаңдаймын, Осы бір сезімнен қутыла алсам, Махаббат саған қайта оралмаймын! #қазақша #поэзия #махаббат