Есігі жабық емхана

25.11.2015
Алматыдағы №31 қалалық емхананың қызметкері «басшылық тарапынан жәбір көрдім» деп жыларман күйде редакциямызға келіп, шағымын жеткізді. Айтуынша, тазалық қызметкерлерінің үстінен қарайтын меңгеруші Әлия Бекмұхамбетқызы қол көтеріп, ар-намысына тиетін сөздер айтып балағаттаған. Шағымын бас дәрігерге жеткізгелі, тіпті бүкіл ұжымды өзіме қарсы қойды дейді. Алайда, түсіру тобын көре сала, есігін ішінен бекіткен емхана басшылығы қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Похожие видео

Показать еще