Кең кабинеттен әйнек бөлмеге

01.03.2019
Мектеп директорларының кабинеті бұдан былай бірінші қабатта орналасады. "Ақтөбе- адалдық алаңы" жобасы аясында бүгін №20,22,35,36,38 орта мектептерде бақылау жүргізілді. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында биыл өңірдегі барлық орта мектептердің басшылары кең кабинеттерін ашық әрі шағын бөлмелерге ауыстырмақ. Ержан Бақытбек №35 орта мектепті 9 жылдан бері басқарады. Жалпы мектеп директоры қызметінде бақандай 17 жылдық өтілі бар. Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған басшы осыдан бес күн бұрын өзінің 63 шаршы метр болатын бөлмесін бастауыш сынып оқушыларына босатып берген. Кең сыныпқа ауысқан оқушылары да, сынып жетекшісі де дән риза. Басшының қазіргі бірінші қабаттағы әйнек бөлмесі 25 шаршы метр болады. Жанында хатшысы, қосалқы бөлмеде әлеуметтік педагог бірге отырады. Бұрын бұл бөлме жүзге жуық ұстаздың басын қосқан мұғалімдер бөлмесі болыпты. Мектеп директорының айтуынша, жұмыс істеуге үш есе тар бөлме мүлде кедергі келтіріп отырған жоқ. Керісінше оқушылармен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берген. Тәжірибелі директор қазір қоңырауларда сыртқа жиі шығып тұратынын жасырмады. Кең әйнектен мектепке бас сұққан кез-келген жанды көріп отырады. "Ақтөбе- адалдық алаңы" жобасы аясында бүгін №20,22,36,38 орта мектептердің де басшылары кабинеттерін төменгі қабаттарға көшірді. Елбасының жақында жарияланған талабы бойынша, мектеп директорының бөлмесі ашық әрі шағын болуы тиіс. Бұл тапсырманы өңірде толықтай орындау мақсатында облыстық білім бөлімі мектеп директорларының кең кабинеттерін неғұрлым кішірейтуге көшкен. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv

Похожие видео

Показать еще