Жаңа буын №15. Ғалымжан Молданазар

02.01.2018
Ғалымжан Молданазар. Есімі ТМД елдері түгілі, мұхит асып, АҚШ, өзге де шет елдерге таныс. Жылына бірнеше рет сол жақтарда концерттер береді. Бірақ бұл танымалдылыққа дейін ол 9 жыл бойы еңбек етеді. 9 жыл... Негізі әндері бұрыннан бар. Алайда жуырда ғана әндері мен есімі жұртқа таныла бастады. Бүгінде ол – әнші, сазгер, «Молданазар» тобының негізін қалаушы. 150-ден астам әннің авторы. Шетелдік сазгерлермен бірлесе жазған бірнеше туындысы бар. ТМД елдерінің ғаламтор кеңістігінде ең әйгілі қазақстандық орындаушы болып табылады. Әншінің өнер жолы «Театр актерына» мамандығына оқуға түскеннен басталады. Алайда актер болғысы келмейтінін түсініп, оқуын тастап кетеді. Ауылға қайтпаудың амалын жасап, барар жері болмаған соң үлкен қала Алматыда вокзалдарда түнеген кездері болған. Алғаш «Орда», «91» тобының продюсері Ерболат Беделхан жұмысқа шақырады. Бұл кездері бірнеше әндері жарыққа шығып қойған болса да, көбі түсінбей, қабылдамайды. Кейін «Орда» продюсерлігінен кетіп, өз өнерін өзі қолына алады.

Похожие видео

Показать еще