Ербол Спаналиев: Думанды Мерке
Ербол Спаналиев Меркі – Жамбыл облысы, Меркі ауданының орталығы, ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, станция. Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 163 км, Қырғыз Алатауының етегінде, Меркі өзенінің жағалауындағы селеу, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдасты шөптесін басым өскен тау алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 35,9 мың адам (2009). Іргесі орта ғасырларда қаланды. 6–8 ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болды. 13 ғасырда ол белгілі Меркі қамалына айналды. Ауыл орталығында көне қамалдың жұрнағы осы күнге дейін сақталған. 1905 ж. Меркіде тұңғыш мектеп ашылып, бұл мектептен еліміздің ардагер азаматтары – Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, т.б. оқып шықты. Меркі ауылындағы бұрынғы шаруашылық субъектілер 1996 жылдан бастап өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарына өзгертілді. Ауылда 2 орта мектеп, кәсіптік мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, мұражай, стадион, «Меркі» шипажайы, орталық аудандық аурухана, санэпидстанса, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Тараз – Алматы, Тараз – Бішкек автомобиль жолдары және Тараз – Бішкек темір-жолы өтеді. Серікбол Сайлаубек - Ой женге (2014) Торегали Тореали - Бол жанымда Диета KZ-Шынар ау Жолдасбек Абдиханов-Ойпырмай [2014] GGG ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН (Қазақстан) - ВИЛЛИ МОНРО ІІ (АҚШ)