Ербол Мухамедиев Раздықтың күйі аңшының зары HD
Раздықтың күйі "Аңшының зары" Мен алғаш ән мен күйді әкем марқұм Оралбек Мухамәдиұлынан үйрендім. Ол кісі 300 ден астам күй білетін. Күйшілер туралы көп айтатын. Соның ішінде Уәли Бекеновты ерекше жақсы көретін. Кейін тағдыр айдап Алматы қ К.Бәйсейітова атындағы муз. мектебінде Уәли Бекеновтың өз қолынан біраз күйлер үйрендім. Уәли аға жарықтық әңгіменің майын тамызып айтатын еді. Шертердің қоңқылдаған дыбысына келетін күйлерді сол кісімен ақылдаса шертетінбіз.