"Ертегі әлеміне саяхат"
Қайырлы күн ДОСТАР, біздің парақшамызда бүгіннен бастап жаңа рубрика: ⠀ Ескіні еске аламыз! ⠀ Сіздер сағынған ертегілер қайта оралады."Ертегі әлеміне саяхат" Атты әлемге бізбен бірге жолға шығыңыздар. ⠀ Қазіргі таңда бесік жырын айтар ана, ертегі айтар әже, ақыл қосар қариялар аз. Олардың орнын көгілдір экран, ұялы телефондар, небір гаджеттер алмастырғалы қашан? Ал біз талбесіктен талпынған балдырғанның әлбетте біреуге еліктеп өсетінін жақсы білеміз. ⠀ Сондықтан ба сіздер үшін бүгін Қарлығаш Әжелерің өзінің ертегісін сіздерге қызықты қылып айтып береді, ендеше мұқият тыңдаңыздар