NINETY ONE-BOYMAN (AUDIO VER.) HD

12.10.2018
NINETY ONE - BOY-MAN Bala: Кейде көңіл-күйге қарамай, Түрлі-түсті әлемді аралаймын (Еһ) Үлкендер ертегі айтады ұдайы Кімге сеніп, кімнен айналайын? Қайырмасы: Bala: Мама, мен сиқырға әлі сенгім келеді! Мама, менің күлкім мен мұңым Сенен бөлек, кімге керек? Бұл өмірдің бір шыңына дейін Созылдым мен, Бірақ биіктік өлшенбейді... BOY-MAN ZaQ: Шыбық ұстап алған самурай, Бақшада күнде теріп жүреді таңқурай Арман қуалайды, біраз қиялдайды Бірақ Аяз-ата оны жиі алдайды Ал қазір қалмады ертегі оның есіне алар, Тек анда-санда тасбақа ниндзялар Ол қиялды қоймаған жас-ересек Тек,шыбықтың орнында қазір-желбезектер... Alem: Бүлінген білім бәрінен зиян Біреуге мүмкіндік, біреуге қиял Көп нәрсемен келісе алмай Естілмеді бір баланың айқайы Ай, ай солай иә! Қайырмасы: Bala: Мама, мен сиқырға әлі сенгім келеді! Мама, менің күлкім мен мұңым Сенен бөлек, кімге керек? Бұл өмірдің бір шыңына дейін Созылдым мен, Бірақ биіктік өлшенбейді... BOY-MAN AZ: Алма кетті домалап, Жер тегіс емес домалақ Кейде бала болып, ойнағым келеді, Жерге жатып алып-жорғалап Күн өтпей шығып кетеді мұртым Сағындым нағашы маманың құртын Ал қазір бәрін істеп үлгеруім керек, Әзірге жоқта қайын жұртым Аce: Мен өскен сайын ішімнен жылаймын Кімнің жаны кедей, сол зұлымға бай Мама, мен сияқырға әлі сенгім келеді! Мама, бұлттар төнсе, күнге де бар себеп!

Похожие видео

Показать еще