Дос іздеген бота.

07.02.2021
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, бір туар ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Ал осындай жан-жақты дамыған мектепке дейінгі баланы қалыптастыруда ертегінің алатын рөлі зор. Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек. Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ,жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл – ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана – сезімін оятып, ақыл – есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу кезінде - екінші санаттағы тәрбиеші - Түймебаева Гүлзинат Ахметалықызының балалармен ертегіні сахналау кезі.

Похожие видео

Показать еще