Еске алу. Әли Бисенғалиұлы (1981 - 2018) HD
Ол – әке-шешесінің асыл ұлы, ұрпақтарының аяулы әкесі, бауырларының қимасы-тұғын. Дос-жолдастарына адалдық танытқан, ағайын-тумаға қадірлі біртума азамат еді. Ол жүрген жер думанды, мәнді де сәнді еді. Әттең, өмірі қысқа қайырылды. Алланың маңдайға жазғаны «қамшының сабындай» келте ғұмыр болыпты. Көзді ашып-жұмғанша шоқжұлдыздай жарқ етті де, ғайыпқа сіңіп кетті. Арда азамат Әли Бисенғалиұлы бар-жоғы 37 жыл өмір сүрді. Арманына қол созып, шадымен күйге енді жете бергенде қапияда көз жұмды. Жүрек соғысы мәреге жетуге мүмкіндік бермей, кенеттен кілт тоқтады. Ойға алған жоспарлары көп еді. Енді, бәрі кеш, бәрі бекер! Артында көзі жәудіреп әке-шешесі, жан жары, ұл-қыздары, бауырлары қалды. Жүрек езіліп, қан жылайды. Міне, 1 жыл болды, жарқын бейнесі жансыз портретке айналған. Көзге алданыш дүние сол ғана...