ASIAN JUDO CUP AKTAU 2022 HD
Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алу “Дзюдодан ашық Азия кубогына” құрлықтан 6 мемлекет қатысуда: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Гонк-конг және Моңғолия. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер -60кг, -66кг, -73кг салмақта, ал қыздар -48кг, -52кг, -57кг, -63кг салмақта белдесіп мықтыларды анықтады. Ерлер: -60кг бойынша өзбек Dotson Ruziev финалдық кездесуде қазақ Damir Bolatbekov-тан басым түсіп чемпион атанды. Ал қола медалдарды қытайлық Xin Fu мен қазақ Sherzod Davlatov иеленді. -66кг бойынша финалдық кезеңде маңғыстаулық Sungat Zhubatkan қарсыласы тәжік Abubakr Sherov-тан басым түсіп алтын медаль тақса, осы салмақта қола меделдарды қос қазақ Almas Galymov пен Bolat Bilalov иеленді. -73кг жігіттердің ақтық сыны қос қазақтың арасында өтіп, маңғыстаулық Askar Narkulov қарсыласы Kuan Barys-ты жеңді, қола медалдарды қытайлық Junlong Gou мен Darkhan Koibagar қанжығасына байлады. Ерлер арасындағы 3 салмақта өткен белдесулерде 2 рет елдің әнұраны орындалса, 1 рет өзбектердің туы көтерілді. Қыздар арасында 4 салмақтан өткен белдесулердің барлығында Қытай Халық Республикасының әнұраны орындалды. -48кг: 1. Ting Liu (CHN) 2. Zongying Gou (CHN) 3. Galiya Tynbayeva (KAZ) 3. Zhanerke Askarova (KAZ) -52кг: 1. Liping Liu (CHN) 2. Ben Liu (CHN) 3. Zukhrakhon Mamurjonova (UZB) 3. Shut Ki Tsui (HKG) -57кг: 1. Qianxi Lin (CHN) 2. Qi Cai (CHN) 3. Lile Zhao (CHN) 3. Bakyt Kussakbayeva (KAZ) -63кг: 1. Han Liu (CHN) 2. Po Sam Leung (HKG) 3. Jin Tang (CHN) #judo #kazjudoteam #asia #asiancup2022 #kazakhstan #mangystau #aktau #domadoma