Центркредит Банкі Альфа-Банктің 100% акциясын сатып алады HD
ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанның 100% акциясын сатып алады. Қазір қаржы ұйымдары арасында екі жақты келісімге қол жеткізілген. Оған сәйкес, ЦентрКредит Банкі Альфа-Банктің жаңа акционері атанады. Ал, Альфа-Банк, акционерлер құрамынан толық кетеді және директорлар кеңесінен өз өкілдерін шығарып алады. Мәміле заңды күшіне енгеннен кейін, ЦентрКредит ребрендинг жүргізеді деп күтілуде. Осылайша, Альфа банк жеке және заңды тұлғалар үшін қызметтердің толық спектрін көрсететін қазақстандық қаржы институтына айналады. Сондай-ақ, ЦентрКредит банкі, Альфа-Банктің депозиторлары алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін, өз қаражаты есебінен қосымша қолдау көрсетуге дайын. Еске сала кетсек, айдың басында Альфа-банктің басқарушы директоры Андрей Тимченко, қаржы ұйымы жаңа акционер іздейтінін, 100 млрд теңгеге несие портфелін сататынын мәлімдеген. Жалпы, Ұлттық Банктің дерегіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Альфа-Банктің активтері шамамен 908,6 млрд теңгені құрайды. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/ Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Похожие видео
Показать еще