Мейрамбек Бесбаев , Қанат Үмбетов - Сүйікті етші ( Текст Сөзi Lyrics ) HD
Мейрамбек Бесбаев _ Қанат Үмбетов - Сүйікті етші ( Текст Сөзi Lyrics ) Аңсаған аппақ арманым, Орманым менің бол, жаным. Тек саған мені апарар Әлемнің барлық жолдары. Көктем құлпырса керемет Жанымды жырға бөлемек. Өзіңе мені шақырар, Алдымнан ұшқан көбелек. Алдымнан ұшқан көбелек. қайырмасы: Көгімді менің биіктетші, Кеудеден кетсін күйік-мұң. Мына әлемді сүйікті етші, Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім. Күз келсе қалқып таза мұң, Көремін бояу ғажабын. Сезімімді жапыраққа, Хат қылып тағы жазамын. Хат қылып тағы жазамын. қайырмасы: Көгімді менің биіктетші, Кеудеден кетсін күйік-мұң. Мына әлемді сүйікті етші, Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім. Арманым болып орындалшы, Түсіме айнал баянды. Керек болса жанымды алшы, Барымды алшы, барымды алшы, аяулым
Похожие видео
Показать еще